Суданда 10-ға жуық адам ұшақ апатынан қайтыс болды

452

Суданның Порт-Судан халықаралық әуежайында ұшақтың құлауынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. 

Суданда 10-ға жуық адам ұшақ апатынан қайтыс болды Фото: ТАСС

Бұл туралы республика Әуе күштерінің ресми өкілі Twitter-де хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Ан көлік ұшағы бүгін кешке Порт-Судан әуежайында ұшу барысында техникалық ақауларға байланысты апатқа ұшырады, нәтижесінде тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде төрт әскери қызметкер, бала аман қалды", — делінген хабарламада.

Al-Hadath телеарнасы әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, ауруханаға жеткізілген зардап шеккендер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу