Суданда денге безгегінен 26 адам қайтты

591

Барлығы 462 жағдай тіркелді.  

Суданда денге безгегінен 26 адам қайтты Фото: Google

Суданның Денсаулық сақтау органдары сәрсенбіде денге безгегінің салдарынан 26 адам қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Синьхуа" жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Судан Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау және эпидемиялық бақылау жөніндегі төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Монтасир Мұхаммед Осман тоғыз штатта 26 өлім, 462 расталған жағдай мен денге ауруының 3439 болжамды жағдайы тіркелгенін айтты.

Ауруды жұқтыру жағдайлары көбіне Солтүстік Кордофанда, Батыс Кордофан мен Солтүстік Дарфурда кездеседі.

Министрлік штаттардағы аурудың одан әрі таралуымен күресу үшін аймақтарға арнайы топтарды жіберуді, сондай-ақ адамдарды дәрі-дәрмекпен, донорлық қанмен қамтамасыз етуді, күнделікті мониторинг пен тергеуді жүзеге асыруды, инфекциялар мен болжамды жағдайлар туралы хабарламалар беру үшін байланыс нөмірін жасауды қоса алғанда, қажетті шаралардың барлығын орындап жатыр, деп қосты ол.

БҰҰ қазан айынан бастап Суданда денге ауруының 1068 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу