Суданда қақтығыстан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 676 адамға дейін жетті

556

Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы БҰҰ деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Суданда қақтығыстан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 676 адамға дейін жетті Фото: Vlast.kz

Судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 676-ға дейін өсті, 5575-тен астам адам жарақат алды. 

"Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 676-ке дейін өсті, 5575-тен астамы жарақат алды", - деп хабарлады телеарна.

Сейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әскерилер арасындағы жанжалдан 604 адам құрбан болғанын, бейбіт тұрғындар арасында 5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу