Суданда Қазақстанның 11 азаматы қалды - СІМ

738

Олар Суданда өз қалаулары бойынша қалған.

Суданда Қазақстанның 11 азаматы қалды - СІМ Фото: nachedeu.com

Бүгінгі таңда Суданда Қазақстанның 11 азаматы қалды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

"Біздің елшіліктердің мәліметі бойынша, қақтығыс өршігенге дейін Суданда барлығы 17 Қазақстан азаматы болған. Олардың көпшілігі Суданға жеке тау-кен компаниясында жұмыс істеу үшін келген. Бүгінде Суданда орналасқан шетелдік елшіліктердің көмегімен Қазақстанның алты азаматы жақын маңдағы елдер арқылы эвакуацияланды. Олар Иордания, Әмірліктер, Сауд Арабиясы, Жидда және Эфиопияға жеткізілді", - деді Смадияров сейсенбі күні Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қалған 11 қазақ Суданда өз қалаулары бойынша қалған.

"Олардың 10-ы тау-кен өндірумен айналысатын жеке компанияның қызметкерлері. Бір азамат – "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының қызметкері. Ол сонда қалуды ұйғарды, біз онымен де байланыстамыз", - деді СІМ өкілі.

"Осы тау-кен компаниясының басшысымен әңгімелесу барысында қақтығыс ушығып, азаматтарымызға қауіп төнген жағдайда олар дереу эвакуацияланады деп келістік", - деді Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу