Суданда жеті күндік бітім күшіне енді

505

Судандағы қарулы қақтығыс тараптары — армия мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы гуманитарлық бітім дүйсенбіден басталды.  

Суданда жеті күндік бітім күшіне енді Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Al-Hadath телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, атысты тоқтату режимі күшіне енгенге дейін біраз уақыт Хартумда жарылыстар естілді, қазіргі уақытта елордада тыныш.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, келесі жеті күн ішінде азаматтық халықты қауіпсіз шығару, гуманитарлық көмекті бөлу мақсатында барлық әскери қимылдар тоқтатылады. Жанжал тараптары халықтың суға, электр қуатына қол жеткізуін қалпына келтіруге, өз күштерін ауруханалардан және басқа да маңызды инфрақұрылым нысандарынан шығаруға келісті.

20 мамырда кешке Джиддадағы армия мен жедел әрекет ету күштерінің делегациялары гуманитарлық бітім туралы келісімге келді.

Қақтығыстар басталғалы бері армия мен арнайы күштер арасындағы гуманитарлық бітімгершілік туралы екінші ұзақ мерзімді келісім жасалды. Бірінші рет жасалған келісім жанжалмен аяқталып, 10 күнге созылуы керек болған бітімгерліктің бірнеше сағаттың ішінде тас-талқаны шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу