Судандағы ЕО елшісіне шабуыл жасалды

582

Мұндай әрекет Вена конвенциясын өрескел бұзу деп қарастырылады, деді еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель. 

Судандағы ЕО елшісіне шабуыл жасалды Фото: DW

Судандағы ЕО елшісіне оның резиденциясында шабуыл жасалды. Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель өзінің Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бірнеше сағат бұрын Судандағы ЕО елшісіне оның резиденциясында шабуыл жасалды", - деп жазды Боррель.

Дипломат мұндай әрекетті Вена конвенциясын өрескел бұзу әрекеті деп бағалады.

"Дипломатиялық нысан мен оның қызметкерлерінің қауіпсіздігі - Судан билігінің халықаралық құқық бойынша басты міндеттемесі", - деп ескертті ол.

Хартумда және Суданның бірқатар басқа қалаларында 15 сәуір күні таңертең армия мен арнайы қызмет арасында қарулы қақтығыстар басталды. Қақтығыстар түні бойы жалғасты. 

Арнайы қызметті қарулы күштер құрамына толық интеграциялауды көздейтін әскери қауіпсіздік реформасына қатысты келіспеушіліктер қауіпсіздік құрылымдары арасындағы қызу қақтығысқа ұласты.

Қарулы қақтығыс нәтижесінде Суданда кем дегенде 83 адам қаза тауып, 1126 адам жарақат алғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу