Судандағы шабуыл кезінде 60 адам қаза тапты

642

Оқиға елдің батысындағы ауылда болған.

Судандағы шабуыл кезінде 60 адам қаза тапты

Судан Батыс Дарфур өңірінде қарулы шабуыл жасалып, салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді реттеу жөніндегі басқармасы мәлім етті.

"Біздегі дерек бойынша, Батыс Дарфурдағы Бейда елдімекенінің солтүстік жағында орналасқан Мистери ауылындағы қайғылы оқиға кезінде 60-тан астам адам ажал құшып, 60 шақты тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Шабуылды қару асынған 500-дей адам ұйымдастырыпты. Қаскөйлер жергілікті тұрғындардың үйлерін, базарларды өртеп, ауылдың астаң-кестеңін шығарған.
Ескере кететін жайт, Суданның батысындағы Дарфурда 2003 жылдан бері үкімет әскері мен сепаратистік бағыттағы көтерілісші топтардың қақтығысы жалғасуда. Әр түрлі дерек бойынша, осы күнге дейін мұндай шабуылдар кезінде 300-500 мың адам қаза тауып, 2,5 миллионы бас сауғалап басқа жаққа қашып кеткен.

Табиғат Нұрболат
Фото: time.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу