Суды көп қажет ететін дақылдарды өсіру қысқартылады

215

Биыл күріш алқабы 6,9 мың гектарға, мақта алқабы 16 мың гектарға қысқартылды.

Суды көп қажет ететін дақылдарды өсіру қысқартылады Фото: shop-dvor.ru

Күзде және қыста жауын-шашынның көп болуы қардың жеткілікті мөлшерін жинауға мүмкіндік берді, мұның дәлелі қардағы ылғал қорының орташа көпжылдық нормадан 2 есе жоғары болуы. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде шаруалар суды жабу бойынша агротехникалық жұмыстар жүргізді, бұл топырақта жеткілікті ылғал жинауға мүмкіндік берді.

"Жалпы, климаттық өзгерістер, су ресурстарының тапшылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне және тұрақты дамуға қол жеткізуге тікелей әсер етеді. Климаттың өзгеруі егіншілік тәртібінің өзгеруіне әкеледі. Барлық тәуекелдерді ескере отырып, Үкімет ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, ағымдағы жылы күріш алқабы 6,9 мың гектарға, мақта алқабы 16 мың гектарға қысқартылды. Болашақта бұл жұмыс жалғасады", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу