Суды тиімді пайдаланатын шаруалар субсидияны көбірек алады

509

2025 жылы елімізде су үнемдеу технологиялары 100 мың гектарға жуық аумаққа енгізілді.  

Суды тиімді пайдаланатын шаруалар субсидияны көбірек алады Фото: dp.ua

Оның ішінде оңтүстік өңірлердегі жаңа аумақтардың көлемі шамамен 91,5 мың гектарды құрайды.

Бұл туралы Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, су үнемдеу технологияларын қолдану аясын кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, фермерлер үшін инфрақұрылым жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 50 пайыздан 80 пайызға дейін арттырылған.

Сонымен қатар, су тарифінің құнына байланысты суару субсидияларына сараланған мөлшерлеме енгізілді.

"Мәселен, су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер үшін субсидия мөлшері 60 пайыздан 85 пайызға дейін ұлғайды. Ал мұндай технологияларды пайдаланбайтын шаруалар үшін субсидиялау деңгейі 2024 жылы 50-75 пайыз аралығында болса, 2026 жылдан бастап 30-55 пайызға дейін төмендейді. Яғни, суды пайдалану кезінде суды үнемдеу технологияларын қолданған шарулар үшін субсидия мөлшері бір қалыпта қалса, технологияны қолданбағандарға арналған қолдау көлемі жыл сайын азаяды, – деді Берікбол Мәндібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу