Суды уақытылы өшіруді ұмытпау керек – Алматы әкімі

Қала аумағында жеткілікті су қоры бар. 

Суды уақытылы өшіруді ұмытпау керек – Алматы әкімі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Десе де, суды пайдалану мөлшерін азайту мәселесі күн тәртібінен түскен емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шаһар басшысы Ерболат Досаевқа қала тұрғыны қаңтар айында коммуналдық қызметтің ақысы 3 есе өскенін айтып шағымданған. Әкім өз жауабында мегаполисте суды тұтыну көлемі бойынша саралау жүйесі енгізгілгенін хабарлаған. 

– Шын мәнінде, тарифтер бойынша апатты ештеңе болған жоқ. Біз тұтыну көлемі бойынша саралау жүйесін енгіздік, енді есепшоттар тәртіпке келеді. Өйткені, біз бір адамға шамамен қанша қажет екенін есептеп, тұтыну мөлшерлемесін өзгерттік. Біз Алматыда тұрғындардың суды пайдалануға ұқыпты қарағанын қалаймыз. Су қажеттіліктерге қарай ұқыпты пайдаланылса, біз қойған мөлшерлеме бір адамға толықтай жетеді. Тек кранды уақытылы өшіруді ұмытпау керек, – деді ол. 

Сонымен қатар, Ерболат Досаев судың басты байлық екенін айтып, тұрғындарды оны үнемдеп жұмсауға шақырды. 

– Су біздің басты байлығымыз болады. Біз қазір қосымша жерасты су көздерін анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ бізде жеткілікті су қоры бар. Десе де, әрі қарай судың сапасын жақсарту және оны пайдалануды азайту үшін күресеміз, – деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу