Суды ұқыпты пайдалану ұлттық идеологияның өзегіне айналуға тиіс – Бектенов

329

Құзырлы органдарға тапсырмалар берілді. 

Суды ұқыпты пайдалану ұлттық идеологияның өзегіне айналуға тиіс – Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкестендіре отырып бекіту туралы бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктері суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкестендіре отырып, бекітсін. Су ресурстары министрлігі фермерлерге су беруге қатысты барлық шарттардың Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі жол картасының индикаторларына сәйкес жасалуын қамтамасыз етсін. Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп, су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруға тиіс", – деді Үкімет басшысы.

Суға ұқыпты қарау мәдениетін жастайынан қалыптастыру үшін аталған жұмысқа Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерін де тарту тапсырылды.

"Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап өткендей, суға және тұтастай алғанда, қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегіне айналуға тиіс", – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан жерасты су қорының 7-10 пайызын ғана пайдаланып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу