Судья Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

522

Судья сотталушының бостандықта болуы істі объективті қарауға кедергі жасауы мүмкін екенін атап өтті.  

Судья Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты Фото: Sn.kz

Сот Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатқан сот отырысы барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа жіберуді сұраған еді. Ол денсаулығы нашарлап бара жатқанын алға тартқан болатын. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады.

"Сот адвокат Төлеевтің алдын ала тыңдау тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырып, Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуден бас тартты", делінген сот қаулысында.

Қаулыда судья Бағлан Ыдырысов сотталушылар бостандықта жүрген кезде қылмыстық істі қарауға кедергі келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

"Сонымен қатар, сотталушы Мұхамедиұлы мен Күшенов ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Мұхамедиұлының ауруы бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Себебі азаматтарға медициналық көмек көрсету ережелері бар, оған сәйкес сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады", делінген қаулыда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу