Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы 1,6 млн теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін. Бұл ақпаратты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин растады.
"Біз Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы 1,6 млн теңге пара алды деп күдікті болып отырғанын растаймыз, бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін пара көлемі 35 мың доллар деп айтылған болатын, оның ішінде 30 мың АҚШ доллары былтырғы жылдың ақпан айында алынған. Бұл қомақты қаржы бас бостандығынан айырмау туралы үкімді шығару үшін берілген", - деді Ж.Жахин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу