Сотта Бишімбаевтың қорғаушысы Судьяға "ренжіп" қалды

382

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бүгін жарыссөз жалғасты. 

Сотта Бишімбаевтың қорғаушысы Судьяға "ренжіп" қалды Фото: видео скриншот

Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваға "маған ғана ескерту жасай бересіз" деп ренішін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты.  

"Сот сізге үш рет ескерту жасады, бірақ соған қарамастан сіз эткаға сай емес мәлімдемелерге жол бердіңіз. Енді моральға немесе этикаға сай емес мәлімдеме жасайтын болсаңыз, қорғаушы, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасына тағы да жол берсеңіз, сот сізге тиісінше шара қолдануға мәжбүр болады", - деді судья Айжан Құлбаева.

Содан кейін судья қорғаушыға сөзін әрі қарай жалғастыруға рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу