Судья лауазымына үміткерлер біліктілік емтиханын тапсыруы мүмкін

638

Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ "ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын таныстыру барысында судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Судья лауазымына үміткерлер біліктілік емтиханын тапсыруы мүмкін

"Судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін заңсыз әрекет жасалған күннен бастап 1 жылдан 2 жылға дейін, ал анықталған күннен бастап 3 айдан 1 жылға дейін ұлғайту ұсынылды", – деді депутат.

Бұдан кейін ол құжатта Жоғарғы сот кеңесінің тұрақты мүшелеріне Жоғарғы сот судьясының жалақысы мөлшерінде жалақы белгілеу мәселесі қарастырылғанын жариялады. 

Сөз арасында Нәзилә Раззақ сот жүйесіне кәсіби мамандарды тарту үшін құқық саласындағы негізгі бағыттар бойынша мамандандырылған судья лауазымына үміткерлерге арналған мамандандырылған біліктілік емтиханын енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Біліктілік емтиханына қайта жіберу мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту, басқа соттарға кандидаттарды іріктеу кезінде құрамы аз және шалғайдағы соттарда кемінде 5 жыл жұмыс істеген судьялар үшін басымдық белгілеу ұсынылды", – деді мәжілісмен. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу