Судья мемлекеттік мекемеге емес, жеке азаматқа болыса алады

912

Биыл шілде айында күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі билік пен азамат арасындағы дауды шешудің ерекше тетігі болмақ.   

Судья мемлекеттік мекемеге емес, жеке азаматқа болыса алады

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов жария-құқықтық дауларда жеке азаматтар билік органдарының шешімдері мен әрекеттері алдында көбіне дәрменсіз болып қалатынын, ал жаңа әкімшілік кодекс бұл теңсіздіктің күшін жоятынын атап өтті. "Азаматтар көп жағдайда мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғаның шешімдерімен келіспей  жатады. Бірақ олардың мүддесі, құқы сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді. Оған басты себеп – бұл даулардың көбісі Азаматтық процестік кодекстің шеңберінде қаралады. Бұл заңнамада тараптар тең деп қарастырылады, яғни мемлекеттік орган мен оның құқықтық аппараты, заңгерлері корпусына қарамастан азаматтарға қарсы тең дәрежеде қарастырылады", – дейді А.Садуақасов.

Осы заңнамалар бойынша судьяның қолы байлаулы, ол жеке және заңды тұлғаға көмектесе алмайды. Олардың берген талап арызының қателігін көріп тұрса да оған жақтасуға,  көмектесуге құқы жоқ.  Ал жаңа кодекске сәйкес, судьяның белсенділігі артқан. "Судья азаматтың талап арызын қарап, оның дұрыс-бұрыстығын жөндей алады, құқықтық жағынан қолдау көрсетуге құқы бар. Нақтырақ айтсақ, жаңа заңнама жеке адамның, заңды тұлғаның мемлекеттік органдарға қарсы өз құқын дұрыс пайдалануына мүмкіндік жасайды", – дейді Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу