Судья сырқатына сенбей үйіне жібермей қойған: Қонаев түрмесінде "Olimp KZ" басшысы көз жұмды

1122

Сотталушы 23 шілдеге қараған түні сол жерде қайтыс болды.  

Судья сырқатына сенбей үйіне жібермей қойған: Қонаев түрмесінде "Olimp KZ" басшысы көз жұмды Фото: ашық дереккөз

Қонаевта судья Мақсат Әмірқұловтың әрекетінен кейін сотталушы Жәнібек Жауыров қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Козачков Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Жәнібек Жауыровтың денсаулығы нашарлап, жансақтау бөліміне жіберілген еді. Сотталушы 23 шілдеге қараған түні сол жерде қайтыс болды. Адвокат марқұмның мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндігі болғанын айтады.

“Танысып қойыңыздар, Қонаев қалалық сотының судьясы – Мақсат Әмірқұлов. 17 шілдеде түрмедегі Жәнібек Жауыровты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Колония басшысы мен арнайы дәрігерлік комиссия соттан тұтқынды ауыр сырқатына байланысты үйіне босатуды сұрағанымен, судья Әмірқұлов өз шешіміне "басқа сотталушының аты-жөнін қосып, сол жерде басқа диагнозды көрсеткен" деген негізде босатудан бас тартты”, – деп жазды дереккөз.

Козачков Telegram-арнасы

“Сотталушы агрессивті және оның сырқаты қоршаған ортаға қауіп төндіреді”, – дейді Қонаев қалалық сотының судьясы Мақсат Әмірқұлов.

Сотталушының адвокаты екі рет Жәнібекті босату туралы өтініш жіберілгенін, алайда судья екеуін де қабылдамай қойғанын айтады. 

Жәнібек Жауыровтың денсаулығы "Olimp KZ" букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейін нашарлаған. Жәнібек Жауыров 2014 жылы бауыр циррозына шалдығып, сот одан ауруханада жатқан жерінен жауап алған еді. Ол соңғы рет 2024 жылы ауруханаға түскен еді. “Науқастың 2-3 жылдай уақыты қалды” деген дәрігерлердің сөзіне қарамастан сот оны мерзмінен бұрын босатудан бас тартты.

Адвокаттардың айтуынша, Жәнібек Жауыров ұзақ уақыт мүгедектер арбасында отырды. "С" дәрежесіндегі бауыр циррозы кейін әдетте, адам жүре алмай қалады. Ал бауырды ауыстырмаса оның бір жылға жетер-жетпес уақыты қалған еді” дейді қорғаушысы. Жәнібек Жауыров отаға дейін шыдай, 23 шілдеге қараған түні қайтыс болды.

Айта кетейік, Жәнібек Жауыров сот үкімімен 8,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу