Судьяға қарсылық білдіру нормасы жетілдіріледі

959

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.  

Судьяға қарсылық білдіру нормасы жетілдіріледі

Қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды күшейту бөлігінде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруді көздейтін құжат қылмыстық кодекстегі ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау арқылы адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға бағытталған. 

Заң жобасында қылмыстық процесті электронды форматта жүргізу; тергеу судьясының қамауда ұстауға санкция беру, санкция беруден бас тарту туралы қаулыларды қайта қарау кезінде ашық сот отырысын өткізу мүмкіндігі қарастырылды. Бұған қоса алғашқы сатыдағы сотта, апелляциялық және кассациялық сатыда судьяға қарсылық білдіруге қатысты нормаларды жетілдіру ұсынылды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу