Судьялар сабақ береді

545

Қазақстанның сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай жаңғыртылып жатыр. 

Судьялар сабақ береді

Елордада өткен адам құқықтары жөніндегі І Еуразиялық форумда ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөнiндегi комиссия секретариатының жетекшісі Тастемір Әбішев жатқанын, ал реформалар нақты нәтиже бере бастағанын мәлімдеді. 

"Адамдарды ақтауға қатысты шешімдердің саны 6%-ға артты. Бұрын бұл көрсеткіш 1%-ға да жетпейтін. Сот жүйесі алдағы уақытта да жетілдіріле береді. Адам құқығын қорғау – ел ішінде ғана емес, әлем бойынша маңызды әрі өзекті мәселе", – деді Тастемір Әбішев 

Өз кезегінде сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина заң алдында барлық адам бірдей екенін айтты. 

"Әр адам заңға сүйену және заң арқылы өзін қорғау құқығына ие. Сот отырысы ашық өтуге тиіс. Сот төрелігі академиясы судья даярлаудың қара шаңырағына айналады деп үміттенеміз. Қазір академияның құрылымы мен оқу үдерісі жаңғыртылып жатыр. Оқу жоспары мен бағдарламалар жаңа мазмұнға ие болуда. Магистранттарды тәжірибеден өткізуге басымдық берілуде. Оқытушылыққа еңбек өтілі көп судьялар тартылуда", – деді ректор.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу