Судьялар тек заңға ғана тәуелді болуы керек – Ғафур Шаров

Сот тәуелсіздігін арттыру бағытында елімізде бірқатар жұмыс жүріп жатыр. 

Судьялар тек заңға ғана тәуелді болуы керек – Ғафур Шаров Фото: obk.kz

Атқарылған жұмыстарға ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі Ғафур Шаров тоқталып өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ол "Сот тәуелсіздігін жоғарылату – басты міндет" дегенді айтты.

– Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында көрсетілген негізгі тапсырмалардың бірі – соттардың тәуелсіздігін жоғарылату арқылы Жоғары сот кеңесінің мәртебесін көтеру, кезең-кезеңмен судьяларға жоғары сатылардың ықпалын азайту.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық сот төрағаларын сайлау үрдісі енгізілді. Қазіргі сәтке дейін Жоғары сот кеңесі тарапынан Президентке екі мәрте аудандық сот төрағасын сайлау жолымен тағайындау жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен қатар, қылмыстық қудалау орындарының судьяларға қатысты арнайы іс-шаралар жүргізу құқығын Бас прокурормен ғана санкциялау жөнінде өзгерістер енгізілді, – деді ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі.

Ғафур Шаровтың сөзінше, судьялар әр істі қарау барысында тек заңға ғана тәуелді, бағынышты болуы шарт. Өзінің кәсіби біліктілігі деңгейінде шешімді заң тұрғысынан ғана қабылдайды.

– Жоғары соттың нормативтік қаулысына сәйкес, сот процесіне сыртқы күштер ықпал еткен жағдайда, заңнамада тиісті жауапкершіліктер бар, – деп қоса кетті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу