Депутат Андрей Лукин заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер:
- судьялардың тең мәртебесін қамтамасыз ету;
- судьяларға әкімшілік қысым жасау құралдарын алып тастауға;
- судьяларды сайлау элементтерін енгізуге;
- Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлі мен мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
"Бүгінде құқық қорғау органдарында судьяларға ықпал етудің өзіндік құралдары бар. Олар кез келген судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалмай-ақ, арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқылы. Облыс прокурорының санкциясын алу жеткілікті. Осы сәттен бастап құқық қорғау органдары судьяны тыңдай алады, ол туралы және оның жеке өмірі туралы деректер жинай алады. Сондықтан судьялардың олардан қорқуына негіз бар", - деді депутат.
Ол Сенаттағы талқылау барысында судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларына тек Бас прокурор рұқсатымен жүргізілуі тиіс екенін нақтылады.
"Сондықтан бұл кепілдікті Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігін нығайтады", - деді Лукин.