Павлодар облыстық соты 2017 жылғы бірінші жарты жылдығына сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңес жұмысына Жоғарғы оот кеңесінің (ЖСК) төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Облыстық сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин мен Бахытбек Беғалиев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде сот жұмысының қорытындысына тоқталды.
Спикерлердің ақпараты бойынша 2017 жылғы 6 айында Павлодар облысының соттарына 1 154 қылмыстық іс түсті. Сот ісін жүргізумен 1 179 іс аяқталды. Үкім шығарумен 813 тұлғаға қатысты 715 іс қаралып, оның ішінде 800 тұлға сотталды және 13 тұлға ақталды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде 305 іс қаралды, ал 2016 жылы 262 іс қаралды. Аталған көрсеткіштің артуы 8,6%-ды құрайды. Бірінші саты соттарымен сот төрелігін жолдау сапасы 1,8%-ға жақсарды. Іс-шара соңында ЖСК-нің төрағасымен "Судьяларды баспанамен қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында 12 қызметтік пәтер мен алты қызметтік көліктің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.