Оның арасында тәртіптік жазаға тартылғандары да бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.
– Жыл басынан бері зейнет жасына жеткендіктен сот жүйесі саласынан кеткендер бар. Зейнет жасына жетпей, құрметпен зейнеткерлікке шыққандар да кездеседі. Бұл – осы салада үздіксіз 20 жыл қызмет атқарған адамдарға берілетін демалыс. Одан бөлек, тәртіптік жазаға тартылып, 6 судья қызметінен босатылды. Оның үшеуі судьялық этика кодексін бұзған, үшеуі істі қарау барысынды заңдылықты өрескел бұзған, – деді ол.
Оның сөзінше, қазіргі кезде судьялық қызмет саласында 300 орын бос тұр. Ваканцияның бос болуының бірнеше себебі бар. Мысалы, бірі денсаулық жағдайына байланысты қызметін ауыстырса, енді бірі өз еркімен жұмыстан шығады.
– Бүгінгі таңда ел бойынша 2700 судьяның штаты бар. Қазіргі сәтте оның 300 вакансиясы бос тұр. Осы жылы түрлі себептермен шамамен 120-дай судья қызметтен кетті, – деді ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі.