Президент су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.
"Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.
Президент бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыруды, білімді сарапшыларды жұмысқа тартуды, сондай-ақ қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтауды тапсырды.
"Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек", – деді Тоқаев.