Суэц каналы 5,84 млрд доллар табыс тапты

746

Өткен жылы канал арқылы өтетін кемелер саны артты. 

Суэц каналы 5,84 млрд доллар табыс тапты

Суэц каналы 2020-2021 жылдары 5,84 миллиард доллардай табысқа кенелді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Inbusiness.kz канал әкімшілігінің басшысы Усама Рабианың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Суэц каналы жалпы салмағы 610 млн тонна болатын 9 763 кемені өткізді (бір жыл бұрын 587,7 млн тонна болған). 2020-2021 қаржы жылында канал тарихындағы ең жоғары кіріс тіркелді – 5,84 млрд доллар. Өткен жылы 5,72 млрд доллар өндірген едік", – деді канал басшылығы.

"Қазіргі таңдағы барлық қиындықтарға қарамастан, арна арқылы өтетін кемелерге қатысты маркетингтік және баға саясатын оңтайландыру арқылы  осындай жетістікке жеттік. Біз клиенттеріміздің сенімін сақтай алдық", – деді Рабиа.

Тағы бір жайт, өткен жылы кемелер саны да өскен. Газ тасымалдаушылардың саны 24%-ға, контейнер тасымалдаушылардың саны 9,7%-ға, балкерлердің саны 5%-ға, көлік тасымалдайтын кемелердің саны 27,8%-ға артты.

Табиғат Нұрболат

Фото: Depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу