Ever Given деп аталатын кеме қайраңға килігіп, Суэц каналында құны 400 млн доллардай мұнай тұрып қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы South China Morning Post газетіне сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, кем дегенде жеті кеме кептеліп қалған. Олардың бортына 6,3 миллион баррельдей мұнай тиелген. Шикізаттың бір баррелі 64 доллар шамасында деп есептегенде, жүктің жалпы құны 403 миллион долларға жетеді.
Егер канал жақын күндері ашылмаса, 2,5 миллион баррель тиелген тағы үш танкер кептеліп қалуы мүмкін. Мамандар ондағы жүктің құнын 160 миллион долларға бағалап отыр.
Evergreen Line компаниясының мәліметіне сүйенсек, апатқа кенеттен соққан жел себеп болған. Осы оқиғадан кейін шикізат құны 5%-ға қымбаттады.
Табиғат Нұрболат
Фото: Globallookpress.com