MV Glory жүк кемесі Эль-Кантара қаласының жағалауындағы Суэц каналында тұрып қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Каналдың қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін Leth Agencies компаниясы буксирлер көмегімеү кемені орнынан жылжытуға тырысып жатқанын хабарлады. Тұрып қалған кеме Украинадан Қытайға шамамен 65 мың тонна жүгеріні жеткізу үшін шыққан.
2021 жылдың жазында Суэц каналында Ever Given контейнер тасымалдаушы кеме тұрып қалып, канал арқылы қозғалысты толығымен бұғаттаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу