Суэц каналындағы кеме шығарылды

998

Қозғалыстың қашан жанданатыны белгісіз.

Суэц каналындағы кеме шығарылды Фото: reuters.com

Суэц каналындағы қозғалысты бұғаттаған Ever Given контейнерлік кемесі қайраңнан шығарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бірақ қозғалыстың қашан қалпына келетіні хабарланбады.  

Бұған дейін АҚШ-тың Энергетикалық реттеу жөніндегі федералдық комиссиясының бұрынғы мүшесі, Branko Terzic & Associates LLC компаниясының басқарушы директоры Бранко Терзич жуырда мұнай мен газ бағасы көтерілуі мүмкін, бірақ Суэц каналындағы қозғалыстың тоқтауынан келетін шығын айтарлықтай көп болмайды деп айтқан еді. 

Ever Given кемесі 23 наурызда Суэц каналының оңтүстік бөлігіндегі қайраңға килігіп, қозғалыс тоқтап қалған еді. Кеме Қытайдан Роттердамға бағыт алған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, кеме қатты соққан желдің салдарынан ауытқып кеткен. Осы оқиғадан кейін шикізат құны 5%-ға көтерілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу