Суэц шығанағында баржа аударылып қалды

125

Оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. 

Суэц шығанағында баржа аударылып қалды Фото: armenia.am

Сейсенбі күні Суэц шығанағында баржа аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Adam Marine 12 баржасы Offshore Shukheir Oil Company компаниясына тиесілі болған. Бұл туралы Мысырдың Мұнай және пайдалы қазбалар министрлігі хабарлады.

Министрлік жағдайды жіті бақылап отырғанын атап өтті. Оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Мұнай және пайдалы қазбалар министрі Карим Бадауи мен Еңбек министрі Мұхаммед Гобран бастаған арнайы мамандар тобы жіберілді.

Al Masry Al Youm газетінің жазуынша, оқиға аймағында 31 адам болған. Олардың 21-і құтқарылды. Төрт адам қаза тапты, тағы алты адам хабар-ошарсыз кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу