Суэцтағы апаттан $1 млрд көлемінде шығын келуі мүмкін

822

Кептеліп қалған кеме 29 наурызда шығарылды. 

Суэцтағы апаттан $1 млрд көлемінде шығын келуі мүмкін

Суэц каналында Ever Given кемесінің кептеліп қалуынан келетін шығын көлемі $1 млрд-қа жетуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, бұл – кептелістен келген залал мен кемені шығару жұмыстарына жұмсалған қаражат есептелгендегі қаржы көлемі.

Ever Given кемесі 23 наурызда Суэц каналының оңтүстік бөлігіндегі қайраңға килігіп, қозғалыс тоқтап қалған еді. Кеме Қытайдан Роттердамға бағыт алған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, кеме қатты соққан желдің салдарынан ауытқып кеткен. Осы оқиғадан кейін шикізат құны 5%-ға көтерілді. Құтқару топтары бір апта бойы қайраңға килігіп қалған кемені 29 наурызда шығарды. 

Ескере кететін жайт, әлемдік теңіз мұнайының шамамен 10%-ы осы канал арқылы өтеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу