Суға батып кеткендердің 95 пайызы рұқсат етілмеген жерде шомылған – ТЖМ

177

Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымы басталар алдында халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.  

Суға батып кеткендердің 95 пайызы рұқсат етілмеген жерде шомылған  – ТЖМ Фото: Владислав Воднев

"Өкінішке қарай, суға батып қаза болғандардың 95 пайызы рұқсат етілмеген жерге шомылған. Осы орайда тағы да халықтың назарына салғымыз келеді, рұқсат етілген яғни қауіпсіз аумақта шомылған абзал. Ел бойынша қауіпсіз су айдындары туралы мәліметтер БАҚ-та және әкімдіктер мен өңірлік төтенше жағдайлар департаменттерінің сайтында, сонымен қатар 2 ГИС қосымшасында орналастырылған", – деді Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Бүгінде ел аумағында 698 демалу орны бекітілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз.

"Оның ішінде 458 жеке жағажай, 227 коммуналдық жағажай және 13 объект туризм мен спорт үшін пайдаланылады. Қазір жергілікті әкімдіктермен тағы қосымша 84 суға түсу аумағын жасақтау жұмысы жүріп жатыр",  – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу