Суға кеткен адамдардың басым бөлігі мас болады

1099

Ел аумағында шомылуға және демалуға арналған 50 мыңнан астам су айдыны бар.  

Суға кеткен адамдардың басым бөлігі мас болады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, азаматтар 178 ірі су айдынын белсенді пайдаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгінге дейін 5064 қызметкер 1906 рейд ұйымдастырып, қауіпсіздік шарасын сақтамаған 74 азаматқа әкімшілік айыппұл салды. 

Жаз маусымында 1 мыңнан астам құтқарушы өзендер мен көлдердің жағасындағы демалушылардың қауіпсіздігін қадағалайды. Суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін коммуналдық және жеке жағажайларда 97 медициналық пункт қызмет көрсетеді. 

Министрлік әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп, 250 адамды жедел-құтқару жасағының даярлығынан өткізді. 
Олар кез келген уақытта қоғамдық құтқарушының міндетін атқара алады. 

"Өткен жылғы шомылу маусымында 317 адам суға батып кетті. Олардың басым бөлігінің өліміне мас күйінде шомылу, жүзе алмау сияқты жағдай себеп болды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу