Үкімет басшысы Ә.Смайыловтың тапсырмасы бойынша аумақтың елді мекендеріндегі су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыстарды үйлестіруді бақылайтын болады.
Облыс әкімі Ералы Тоғжановпен су тасқыны болған ауылдарды аралап, ахуалымен танысады.
Естеріңізге салсақ, кеше Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйіндіні су шайып, қарғын су ауылға кірген болатын. Дереу ауыл тұрғындарын эвакуациялап, мектепке орналастырды. Су тасқынынан екі үйді, 12 аула аумағын су басты. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындармен кездесіп, барлық көмек көрсетілетінін айтты.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудандарда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, ІІМ және облыстың басқа да мүдделі құрылымдарының жеке құрамынан 900-ге жуық адам, 650 техникасы, соның ішінде су сору құралдары жұмылдырылды.
Зада Зейін