Суға секірген қызды құтқарған жігіт марапатталды

1110

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға батып бара жатқан қызды құтқарғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асылбек Нұржановты марапаттады. Оған "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суға секірген қызды құтқарған жігіт марапатталды

"Адам өмірін құтқарудағы ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін сізге алғыс білдіремін", – деді Юрий Ильин.

Оқиға 26 мамырда Нұр-Сұлтандағы Ақбұлақ өзенінде болған еді. 2001 жылы туған бойжеткен күндіз көпірден секіріп кеткен. Оның суға секіргенін көріп, сол маңдағы адамдар көмек сұрап, айқайлай бастайды, сол сәтте Асылбек Нұржанов бірден құтқаруға ұмтылған.

"Ол кезде қыз ес-түссіз жатқан болатын. Оқиғаның өзге куәгерлері маған жағаға шығуға көмектесті. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті",– дейді батыр жігіт. 

Жігіт елдордалық жоғары оқу орындарының бірінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істейді екен. Төтенше жағдайлар министрі Асылбек Нұржановқа алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу