Суға түсу ережесін бұзған 172 адамға айыппұл салынды

701

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері полициямен және волонтерлармен бірлесіп, биылғы жаз мезгілінде шомылу нысандарына 76649 рейд жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.  

Суға түсу ережесін бұзған 172 адамға айыппұл салынды

Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, рейдтердің нетижесә бойынша ӘҚБК-нің 440-бабы "қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу" бойынша 4788 адам әкімшілік жауапқа тартылды, сондай-ақ ӘҚБК-нің 364-бабы "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 5781 адамға ескерту жасалды және 172 адамға айыппұл салынды.

Ағымдағы жылы су айдындарында адам өлімінің алдын алудың жаңа әдістері қолданылды. Авиациялық және теміржол көлігінің мультимедиялық жабдықтары су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдерін тарату үшін пайдаланылды.

"2GIS" картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірлерінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындардың деректері орналастырылған. Соған қарамастан суға шомылу кезінде қайғылы жағдайлар болып жатады",-делінген министрліктің хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу