"Суицид көбінесе армияда болады" деген пікірді Бас әскери прокуратура жоққа шығарды

754

Соңғы үш жылда 300-ге жуық әскери қызметші көз жұмған.

"Суицид көбінесе армияда болады" деген пікірді Бас әскери прокуратура жоққа шығарды

Суицид көбінесе армияда болады деген пікір жаңсақ. Бас әскери прокуратура саладағы келеңсіздікті сөз еткен сенаторларға осылай деп жауап берді.  Сөзінше, бұл ресми расталмаған мәліметтер. Десе де, қорғаныста шешімін таппай келе жатқан мәселе көп екенін жасырмады. Әсіресе соңғы үш жылда көз жұмған әскерилердің статистикасы адам шошырлық. 

Соңғы үш жылда 300-ге жуық әскери қызметші көз жұмған.  Себеп әртүрлі. 36-24 пайызы ауырып немесе көлік апаты салдарынан бұ дүниемен қоштасқан. Ал 20 пайызы өзіне қол салған. Анықтаса, титықтатқан кредит, отбасылық жанжал, жауапсыз махаббат өлімге себеп.

"Өз өзіне қол жұмсау жағдайлары бәрімізді бүгінгі күні алаңдатуда. 09,29 Қоғамдағы өз-өзіне қол жұмсау көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен қуатталмайды", - деді ҚР Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев.

Сөзінше, қабылданып жатқан шараларға қарамастан әскери қызметшілердің қазаға ұшырау жағдайы жалғасып келеді. Бірақ суицид көбінесе армияда болады деген пікір жаңсақ деді. Ал сенаторлар елді дүрліктірген жас сарбаздардың өліміне тоқталды.  

"Біз қазір бірқатар жағдайларды байқап жатырмыз .медициналық тексеріс кезінде жастарымыз арнайы әскерден жалтару үшін медкомиссияға пара ұсынып, жалтарып жатыр. Әрине оларды түсінуге болады. Әке шешені де түсінуге болады. Себебі кім өзінің мәпелеп өсірген аман сау баласын жіберіп, мүгедек немесе табытпен қарсы алған кімге жақсы. Біз әскерде осыны реттемей, парақорлықты арттырып жатырмыз осы салада", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских.


"Жыл сайын командир  720 құжат толтыру керек мысалы. Қайданғана мысалы сарбаздарға қарап, көмегін көрсетеді. Психологиялық тұрғыда болсын, басшы ретінде болсын. Ол ертеңнен кешке дейін қағаз толтырып, рапорт толтыруымен жүр", - деді ҚР Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев.

Қағазбастылықтан бөлек, басқа да жұмыстар жүйелеуді қажет ететінін жасырмады. Ал депутаттар аймақтағы әскер бөлімшелердің басшыларын жауапкершілігін күшейтуді ұсынды. Тіпті трибуналға жіберу керек деген пікірлер айтылды. Тек сонда ғана тәртіп орнайды деді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу