Суицидке бару қаупі бар деген 389 жасөспірім анықталды

943

2018 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 40%-ға төмендеген. 

Суицидке бару қаупі бар деген 389 жасөспірім анықталды

Елордада кәмелетке толмаған 32 мыңнан астам жасөспірімнің психологиялық жағдайына диагностика жүргізілді, деп хабарлайды elorda.info.

"Балалар тәртіп бұзушылыққа бармас үшін біздің тараптан олардың бос уақытын тиімді өткізу шаралары қабылдануда. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, ол өз нәтижесін берді. 2018 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 40%-ға төмендеген. Ал есепке алынған балалар саны 11%-ға азайды. Десек те, жыл санап елордада жасөспірімдердің саны артып отыр", – деді қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қалалық мәслихаттың отырысында. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы балаларды түрлі әлеуметтік жобаларға қатыстыру тақырыбын қозғады. 

"Ұлттық ойындар, "Адал ұрпақ", "Жас патриот", "Жас сарбаз" атаулы тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сол секілді қала бойынша 7 мыңға жуық бала тегін қосымша білім берумен қамтамасыз етілді. Дегенмен жасөспірімдер проблемасы толық жойылды деп айтуға ерте. Біздің психолог мамандар 32 мыңнан астам астаналық жасөспірімнің психологиялық жағдайына қатысты арнайы диагностика жүргізді. Оның нәтижесінде психологиялық жағдайы күмән туғызған 680 жасөспірім анықталды. Бүгінде олармен арнайы мамандар жұмыс жасауда. Олардың ішінде суицидке бару қаупі бар деген 389 жасөспірім анықталды.  Бұл жерде біздің психологтардан бөлек денсаулық сақтау басқармасының мамандары қажет. Себебі бұл проблеманы шешуге жоғары білікті дәрігерлер мен психолог мамандар керек", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу