Нақтырақ айтқанда, ер адам қойманың кілттерімен қоштасқысы келмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жұмысынан босатылған соң қала тұрғыны түнделетіп қоймаға тығылып кірген. Оның әлсіздігі – лосось филесі, қымбат алкоголь мен темекі. Соттың іс материалдарында осылай жазылған. Әсіресе, балықты көп мөлшерде алып кететін болған.
"Алғашқы рет ол 17 қаңтарда (132 мың теңге), екінші рет – 22 қаңтарда (93 мың теңге), үшінші рет – 25 қаңтарда (111 мың теңге) қоймаға кіріп, шығын келтірген. Әдеттегідей, төртінші әрекеті сәтсіз аяқталды: 29 қаңтарда ұрлық үстінде ұсталады. Сол күні дүкен иесі ұрланған заттардың жалпы құнын 540 мың теңгеге бағалады", - делінген сот хабарламасында.
Сотта ер адам кінәсін ашық мойындады: алғанын растап, кешірім сұрап, келтірілген шығынды өтеді.
Жәбірленуші оны түсініп, кешірді. Сот оған 2 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енді.