Сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт өзіне қол салмақ болды

402

Полиция онымен бір сағаттан аса сөйлескен.

Сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт өзіне қол салмақ болды Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 29 жастағы жігіт көпірден секірмек болды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

20 тамызда кешкі сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне бір жігіттің Жайық өзеніндегі көпірден құлағалы тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жақын жерде жүрген Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов атты патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Олар жігітті аман алып қалу үшін барын салған.

Полицейлер жігітпен бір сағаттан аса уақыт сөйлесіп, оны райынан қайтарды. Ол қаладағы полицияға бөліміне жеткізілді.

Кейін анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас болған. Ол мұндай қадамға сүйіктісімен жанжалдасу салдарынан барған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдіішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") бойынша жігіткеәкімшілік хаттама толтырылды. Ол Оралдағы уақытша бейімдеу және детоксикацияорталығына орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу