6 айдан астам комада жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды

3046

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

6 айдан астам комада жатқан сарбаз ауруханадан шығарылды Фото: stan.kz

Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады.

Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.

Онымен қоса Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу