Сүйінші! Енді букмекерлік кеңселер адамдарға SMS-хабарлама жібере алмайды

357

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сүйінші! Енді букмекерлік кеңселер адамдарға SMS-хабарлама жібере алмайды Фото: canva.com

Тиісті заңға 8 шілдеде қол қойылды.

Вице-министрдің айтуынша, құмар ойындары мен бәс тігулерді жарнамалауға, оның ішінде SMS хабарламалар жіберу арқылы жарнамалауға да тыйым салынады.

"Букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына, оның ішінде көлік құралдарындағы жарнамасына да тыйым салынады. Тек букмекерлік кеңселердің, спорт ғимараттарының және спортшылардың жабдықтарында ғана жарнамалауға рұқсат етіледі. Осыған ұқсас ереже бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарға да қарастырылған. Бұдан былай азаматтар букмекерлік кеңселерден SMS-хабарламалар да алмайды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу