"Автомобиль жолдары туралы" заңға сәйкес, бірқатар көлік құралы ақылы автомобиль жолдарынан өтуде төлемнен босатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жолды тегін пайдаланатын көліктер 3 санатқа бөліп қарастырылған.
1. Қызметтік міндетін атқару кезінде:
- жедел медициналық жәрдем;
- авариялық-құтқару қызметтері;
- құқық қорғау органдары;
- көліктік бақылау органдары;
- арнаулы мемлекеттік органдар;
- ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар;
- Ұлттық оператор және жекеше әріптеске тиесілі, жолды күтіп-ұстауға арналған арнайы техника;
- жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органның арнайы көлігі.
2. Қала маңындағы және іргелес елді мекендер қатынасында:
- аудан немесе облыс орталықтарына, астанаға және республикалық маңызы бар қалаларға қатынайтын тұрақты жолаушылар автобустары;
- бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген автобустар;
- жүк көліктері мен ауылшаруашылық техникалары – су тосқауылдары мен теміржол өткелдерін кесіп өту үшін;
- бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері.
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері:
- Бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері арнайы топқа енгізіліп, ақылы жолдағы бақылау жүйесінде төлем алынбайды.
Жеңілдікті алу үшін тиісті санат өкілдері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға ресми өтінім жіберіп, көлік нөмірін және автобустар үшін маршрут парағын қоса ұсынуы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу