Сүйінші! Маңғыстауда өз күйеуі пышақтаған әйелдің ішіндегі баласы тірі қалды

647

Алайда жәбірленушінің жағдайы тұрақты ауыр.

Сүйінші! Маңғыстауда өз күйеуі пышақтаған әйелдің ішіндегі баласы тірі қалды Фото: freepik

Дәрігерлер Мұнайлы ауданында күйеуінен пышақ жарақатын алған жәбірленушінің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Зардап шеккен адам есін біледі. Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілік сақталды, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды, емдеу жалғасуда, - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында күйеуі әйелін көшеде тұрғындардың көзінше пышақтап тастаған болатын. Салдарынан 24 жастағы әйел ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу