Сүйінші! Нариман Құрбановқа ақыры көлік сыйлады

4100

Оған Skoda Kodiaq көлігін сыйлаған. 

Сүйінші! Нариман Құрбановқа ақыры көлік сыйлады Фото: Allur

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа белгілі қазақстандық автокөлік компаниясы темір тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Allur компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз", - дейді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.

Сондай-ақ, Нариман Құрбанов та құрмет көрсеткен жандарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

"Отандық компания жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мен әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады", - деді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу