Сұйық отын сатуға шектеу енгізген жанармай стансаларына шара қолданылады

Бұл туралы Мәжілісте жылу энергетикасы туралы заң жобасын таныстырған  Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. 

Сұйық отын сатуға шектеу енгізген жанармай стансаларына шара қолданылады Фото: Колеса

"Кәсіпкерлер жанармай болған кезде оны белгіленген баға бойынша уақытылы өткізуге міндетті", – деп нақтылады министр. 

Сонымен қатар жиын барысында ол жанармай бағасының қымбаттау себебін түсіндірді. 

"Мұнай бар, бірақ оны өңдеу кезінде пайда болған шығындарды сатылым бағасы жабуы тиіс. Біздегі ірі кен орындарына келетін болсақ, экспорт көлемін реттейтін халықаралық және өнім бөлінісі туралы келісімдер бар. Оларға қомақты қаржы, инвестиция салынды. Енді оның нәтижесін күтудеміз. Тарифтер мен басқа шығындарды қосқанда, өзіндік құн қалыптасатыны белгілі. Қазір сату құны өзіндік құннан төмен болғандықтан біз минуста отырмыз", – деді ҚР Энергетика министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу