Сұйытылған газ бағасында өзгеріс болмайды

965

ҚР Энергетика министрлігі 2022 жылғы 2 тоқсанда сұйытылған газ бағасы қай деңгейде болатынын мәлімдеді.

Сұйытылған газ бағасында өзгеріс болмайды

"2022 жылғы 1 сәуірде ҚР Энергетика министрінің "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы" бұйрығы күшіне енеді.

Қабылданған бұйрыққа сәйкес сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 2-тоқсанда ағымдағы деңгейде белгіленеді және 28 000,00 тг/т (ҚҚС-сыз) құрайды" делінген хабарламада.

2022 жылдың қаңтарында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (ҚР БҚДА) бұйрығымен Қазақстанда автогаз құю станцияларында автокөліктерге жанармай құю үшін 180 күнге (ҚҚС қоса алғанда) сұйытылған газдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленгенін еске саламыз.

ҚР БҚДА бұйрығына сәйкес өңірлердегі сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы ҚҚС-пен литріне 50-ден 75 теңгеге дейін (ҚР БҚДА бұйрығына сай) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу