Сұйытылған газды елден шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу көзделіп отыр

613

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 2023 жылғы қарашада енгізілген болатын.

Сұйытылған газды елден шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу көзделіп отыр Фото: www.gov.kz

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын республика аумағынан шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

"Ашық НҚА" сайтында энергетика министрі шығарған бұйрықтың жобасы жарияланды. Оған сәйкес, 14 мамырдан бастап алты ай мерзімге сұйытылған мұнай газын ел аумағынан әкетуге тағы тыйым салады

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу