Сұйытылған газды сатқан 180 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды

1572

Монополияға қарсы агенттік барлық өңірде тергеу жүргізіп жатыр.  

Сұйытылған газды сатқан 180 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды

Қазақстанда сұйытылған газды сатқан 180 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Биыл 7 қаңтардағы жағдай бойынша БҚДА сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тергеуді бастады: Маңғыстау облысында – 85, Қарағанды – 14, Атырау – 22, Ақмола – 22, Қызылорда – 12, Нұр-Сұлтан – 4, Шымкент – 4, Қостанай облысы – 4, Солтүстік Қазақстан – 4, Түркістан – 5, Жамбыл және Алматы облыстары – 1", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу