Сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзартылмақ

94

Көпшілік талқылау 19 наурызға дейін жалғасады.

Сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзартылмақ Фото: canva.com

Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрықты Ашық НҚА порталында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты жария талқылау 19 наурызға дейін жалғасады. Бұйрық жобасы "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес әзірленген.

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген бұйрық жобасында.

НҚА жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарлары жоқ екені айтылған. 

Айта кету керек, ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап мұнай газын жарты жылға ел аумағынан әкетуге тыйым салынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу