Елімізде сұйытылған газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өзгеріссіз қалды

93

ҚР Энергетика министрі сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.  

Елімізде сұйытылған газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өзгеріссіз қалды Фото: Depositphotos.com

Бұйрық 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ҚР ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті өткізу бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде бекітілсін, – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар елімізде сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйым тағы 6 айға ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу